26.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТӨнер мектебінің ұжымына сайлауалды бағдарлама таныстырылды26.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ресми

Фейктерге жол жоқ: ресми органдар жалған мәліметтерді жоққа шығарды

24.03.2026 · 21:15 · admin

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланушыларды «жаппай аңду» туралы тарап жатқан негізсіз ақпараттарды анықтады.

Іс жүзінде Агенттік ұсынған интернеттегі тыйым салынған контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі Қағидалар тек ашық әрі жалпыға қолжетімді деректерді (қаржы пирамидаларын жарнамалауға, онлайн-казинолар мен заңсыз лотереяларды насихаттауға қатысты жарияланымдар мен репосттарды) мониторингілеуге бағытталған.
Аталған Қағидаларда азаматтардың жеке хат алмасуына ешқандай мониторинг жүргізу көзделмеген. Бұл туралы Агенттіктің өзі де бірнеше рет ресми түсініктеме берген болатын.
Осылайша, жеке хабарламаларды «бақылау» туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және қоғамды әдейі жаңылыстыру болып табылады.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы БАҚ өкілдері мен цифрлық контент авторларын ақпаратты жариялауда жауапты болуға, фактілерді бұрмаламауға және азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын құрметтеуге шақырады.

https://t.me/AntiFakeCenter/168