Фейк-аккаунттар арқылы арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда

Құрметті достар!

Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды.

Өкінішке қарай, кейбір әлеуметттік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге баруда. Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда).

Сондай-ақ, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесуде.

Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал парақшаларға техникалық шабуылдар жасалып жатқаны туралы да хабарлар түсіп отыр. Қазіргі уақытта уәкілетті орган ретінде біз бұл жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз.

Осыған байланысты тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын. Жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

Уважаемые друзья!

Мы живем в историческое время, когда решается судьба страны, определяется ее дальнейшее развитие на будущие десятилетия. Обсуждение проекта новой Конституции стало важнейшим событием в жизни нашего государства.

Не секрет, что некоторые недобросовестные пользователи активизировали в социальных сетях свою деятельность, принимая попытки дестабилизации социально-политической обстановки в Казахстане.

Провокаторы дезинформируют аудиторию, открывая ложные страницы и аккаунты (например, фейк-аккаунты Мухтара Шаханова, Шавката Рахмонова и другие, где размещается провокационная информация и призывы по вопросам языка, продажи земли и т.д.), отдельно размещаются фейки о якобы проходящих больших митингах и протестных выступлениях, инициируется манипулятивное обсуждение отдельных статей Конституции.

Также мы получаем сигналы от СМИ и известных пабликов о технических атаках. Как уполномоченный орган в настоящее время мы разбираемся в ситуации.

В этой связи прошу доверять только официальной информации и не распространять фейки. Это влечет уголовную и административную ответственность.