Ерен еңбегі үшін құрмет

Көктемгі әдемі мереке – аналар мейрамына орай Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласының Халықтар достығы мен мәдениет үйінде Ұлытау облысының нәзік жандарына арналып салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шараны облыс әкімі Дастан Рыспеков ашып, барлық асыл жандарды мерекелерімен құттықтап, көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін табыстады.
Әр салада еңбек ететін асыл жандар марапатталған бұл шарада жерлесіміз, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Полиметалл байыту фабрикасының конвейер машинисі Базаркүл Сүлейменова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құттықтау хатын алды. Дәл осы күні тағы да екі жерлес аруларымыз, нақтырақ айтсақ, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Техникалық бақылау бөлімінің байыту өнімдерін бақылаушысы Наталья Савина және «Батыс Қаражал» шахтасы шахталық көтергіштер учаскесінің жер үсті оқпаншысы Сағынжан Сейсенбекова Ұлытау облысы әкімінен Алғыс хат алып, 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

Теректі ШАҒАТАЙ.