Ералиев ауылында жаңа заманауи спорт кешені ашылды

Ұлытау облысының Ералиев ауылында «Толағай» модульді спорт залын салудың салтанатты ашылуы өтті. Жобаны қаржыландырған — «Қазақстан халқына» қоры.

Аталмыш шараға облыс әкімі Дастан Рыспеков, «Қазақстан халқына» ҚҚ Бағдарламалар, жобалар және донорлармен өзара іс-қимыл орталығының жетекшісі Чингиз Шарапиев, сондай-ақ жобаның серіктестері — «Корпорация Казахмыс» ЖШС өкілдері қатысты.

Ералиев ауылындағы спорт кешені футбол, волейбол, баскетбол, гандбол және басқа да командалық спорт түрлерімен айналысуға арналған. Сонымен қатар, балаларды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да тартуға ерекше көңіл бөлінген.

Кешенде душ және шкафтары бар киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталған, бұл жаттығу процесін барынша ыңғайлы етеді. Жабық, жылыту жүйесі бар залда жыл бойы жаттығуға болады. Залдың жалпы аумағы — 1 320 м².