Жетісу облысы Рудничный ауылында жаңа мектептің салынуы оқушы орны тапшылығы мәселесін шешіп, балалардың білім алуына қолайлы жағдай туғызады. Қолданыстағы мектеп оқытуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.
Президент халыққа Жолдауында орта білім сапасы – табысты ұлт қалыптастырудың басты шартының бірі екенін баса айтты. Еліміздегі әрбір оқушы сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасалуы тиіс. Жаңа мектеп оқушыларымыздың дамуы үшін болашаққа жасалған сәтті қадам болмақ», — деді Рудничный ауылы орта мектебінің педагог-психологі Елена Волкова.