Елдос Сметов Олимпиаданың алтын медалін иеленді

Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді!

Финалдық кездесуде 31 жастағы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 60 килограмм салмақ дәрежесінде француз дзюдошысы Лука Мхеидземен кездесті. Жекпе-жек аяқталуына бір минут қалғанда Елдос ваза-ари жасады.

Жекпе-жекті Франция президенті Эммануэль Макрон бақылап отырды.