Бүгінгі таңда Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуі – ең алдымен еңбек адамдарының қажырлы еңбегінің жемісі. Ауылда егін еккен диқаннан бастап, өндірісте тер төккен жұмысшыға дейін – барлығы ел игілігі үшін қызмет етіп келеді.
Мемлекет әрбір еңбек адамына қолдау көрсетуге, олардың құқықтары мен лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге басымдық береді. Біз әділетті еңбек қатынастарын қалыптастырып, жалақыны арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бағытында нақты шаралар қабылдап жатырмыз.
Қоғамда еңбек пен кәсіби шеберлікке деген құрмет артуы тиіс. Себебі еңбек адамы – экономикамыздың негізі, еліміздің ертеңі.
Сондықтан жастарды да адал еңбекке, кәсіптік дағдыларды игеруге, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Жанат Рахымжанұлы,
Қаражал қалалық мәслихатының аппарат басшысы
https://www.instagram.com/reel/DLCbih-sQ0G/?igsh=NjZiM2M3MzIxNA==