Ел болашағына сенімділік береді

Мемлекет басшысының бір палаталы Парламент құру туралы бастамасы – еліміздің саяси жүйесін жетілдіру бағытындағы маңызды әрі батыл қадам. Бұл ұсыныс депутаттық корпустың тиімділігін арттырып, заңнамалық процестерді жеделдетуге және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Президенттің реформаны асығыс емес, жан-жақты талқылау арқылы жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетуі – жауапкершілік пен демократиялық қағидаларды құрметтеудің айқын белгісі. Азаматтық қоғам мен сарапшылардың пікірін ескеру, сондай-ақ жалпыұлттық референдум өткізу арқылы халықтың келісімін алу реформаның заңдылығы мен кең қолдау табуын қамтамасыз етпек.

Партиялық тізім бойынша депутаттарды сайлау жүйесін енгізу саяси партиялардың жауапкершілігін арттырып, Парламенттің кәсіби әрі жүйелі жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Бұл қадам саяси тұрақтылықты нығайтып, тиімді реформалар жүргізудің негізін қалады.

Жалпы алғанда, Президенттің бастамасы Қазақстанның демократиялық дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы болып табылады. Бұл реформа мемлекет басқару жүйесін оңтайландырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін одан әрі қорғауға мүмкіндік береді.

Диана ОСПАНБЕКОВА,
Қаражал қаласы әкімінің орынбасары