Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында өнеркәсіп саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент еліміздің экономикасын әртараптандыру үшін өнеркәсіптің дамуы маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Президенттің айтуынша, өнеркәсіп секторында цифрландыруды арттыру, жасыл технологиялар мен экологиялық таза өндірістерді дамыту қажет. Сонымен қатар, ол индустриализацияға жаңа серпін беріп, шағын және орта бизнесті қолдау арқылы ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.
Бұл мәселелер қазіргі уақытта өте маңызды, себебі Қазақстанның экономикалық тәуелділігі шикізат секторынан өтуі қажет. Осыған орай, өнеркәсіпті дамыту еліміздің тұрақты және өздігінен дамитын экономиканы құрудың негізі болмақ.
Жалпы, Қ.Тоқаевтың өнеркәсіп саласына қатысты ұсынған стратегиялық бағыты елімізде ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаңа технологиялық прогрессті қолдауға бағытталған. Бұл ұсыныстар экономиканың болашағына деген сенім ұялатып, ұлттық өнеркәсіпті дамытуға серпін бере алады.
Айтбекова Мадина
“Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі “ КММ библиографы