Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың басты борышы. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы ғана қоғам тұрақты даму жолына түсе алады. Табиғатты қорғау мәдениеті адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады: қоқысты сұрыптап шығару, суды үнемдеу, ағаш отырғызу – қарапайым көрінгенімен, үлкен нәтижеге жеткізетін қадамдар.
Осы бағытта елімізде «Таза Қазақстан» акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл бастама қоғамды бір мақсатқа біріктіріп, қалалар мен ауылдарда тазалық жұмыстарын жандандыруға серпін беруде. Сенбіліктерде көшелер мен саябақтар тазаланып, жасыл аймақтар абаттандырылуда. Акцияға жастар ұйымдары, білім беру мекемелері мен тұрғындар белсенді қатысып, табиғатқа деген жанашырлықтың нақты үлгісін көрсетуде.
«Таза Қазақстан» тек қоқыс жинау шарасы ғана емес, ол – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, ұрпаққа жауапкершілікпен қараудың тиімді жолы. Әр азаматтың белсенділігі табиғатқа қамқорлық танытып, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.
Экологиялық мәдениетті нығайту – елдің өркениеттілігінің көрсеткіші. Сондықтан «Таза Қазақстан» сынды бастамалар тұрақты дамудың берік негізін қалауда маңызды рөл атқарады.
Сатанов Жанат Рахымжанович
Қаражал қаласы мәслихаты
Аппаратының басшысы