Еліміздің өркендеу жолында еңбек адамының орны айрықша. Қарапайым жұмысшының маңдай тері мен қажырлы еңбегі арқылы өндіріс дамиды, ауыл шаруашылығы алға басады, жаңа нысандар бой көтереді.
Осыны ескере отырып, 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл бастама – еңбек адамын дәріптеу, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру және жас ұрпақты нақты кәсіпке баулу жолындағы маңызды қадам.
Аталмыш жыл аясында еліміздің түкпір-түкпірінде кәсіби байқаулар, еңбек әулеттерімен кездесулер, жастарға арналған кәсіби бағдарлау жобалары өткізілуде. Мұның барлығы – еңбекке деген құрметті арттырып, болашақ мамандарға дұрыс бағыт береді.
Еңбекке адалдық – елдің берекесі мен болашағының кепілі.
Оспанова Замзагуль Кажмукановна
Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы