Еңбекпен өркендеген ел

2025 жыл Қазақстанның еңбек саласындағы маңызды бетбұрысы болып саналады. Бұл жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланып, еліміздің экономикасының тірегі – жұмысшы мамандықтарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қолымен еңбектеніп, елдің дамуына тынбай қызмет етіп жүрген әрбір жұмысшы – қоғамның негізі, мемлекеттің тірегі.

Өнеркәсіп орындарынан бастап ауыл шаруашылығы алқаптарына дейін, құрылыс алаңдары мен инфрақұрылым нысандарына дейінгі барлық жерде жұмысшы мамандардың қажырлы еңбегі көрініс табады. Бұл мамандар – жаңа технологияларды меңгеріп, өндірісті жаңғыртуға үлес қосып, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуде.

Жыл бойы қолға алынатын жобалар жастарды кәсіби оқуға тартуға, еңбек қауіпсіздігін арттыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталады. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, олардың еңбегін әділ бағалау және қолдау маңызды міндет ретінде қойылған.

Мемлекеттің дамуындағы ең маңызды факторлардың бірі – еңбек адамына деген құрмет пен сенім. Сондықтан 2025 жыл – еңбекке берілген жоғары баға мен кәсіби шеберлікті арттыруға арналған жыл болмақ.

Байшукенова Тлеухор Жанжумановна

«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

КММ директоры