Еңбек – адам өмірінің мәні мен қоғам дамуының өзегі. Елімізде 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – өндіріс саласында қызмет етіп жүрген еңбек майталмандарына деген зор құрметтің айғағы. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін арттырып, қоғамдағы жауапкершілік пен адалдық құндылығын жаңғыртуды көздейді.
Қаражал қаласында жұмысшы мамандық иелерін қолдау мен олардың кәсіби әлеуетін көтеру бағытында нақты шаралар қолға алынуда. Қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпорын басшылары, кәсіподақ ұйымдары өзара тығыз байланыс орнатып, еңбек ұжымдарының ұсыныстарын ескеріп, әлеуметтік әріптестікті дамытып келеді.
Бүгінде еңбек адамдары тек өндіріс саласында ғана емес, қоғам өмірінің барлық бағытында табандылық пен үлгі көрсетуде. Олардың қажырлы еңбегі қаланың өркендеуіне, тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына елеулі үлес қосуда.
Еңбек өрісі кең ел – рухы мықты, болашағы айқын мемлекет. Сондықтан еңбек адамына құрмет көрсету – ел дамуының, ұлт бірлігінің және тұрақты өркендеудің басты кепілі болып қала береді.
Ким Артем Сергеевич
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Дзюдо күресінен спорт шебері