Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.
Бұл бастама еңбек адамының қоғамдағы беделін арттырып, жастарды жұмысшы мамандықтарына тартуға, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.
Президенттің айтуынша, «Жұмысшы мамандықтар жылы» елімізде еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
Бұл бастама арқылы елімізде еңбек адамының мәртебесін көтеріп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту көзделіп отыр.
Еңбек – елдің дамуының негізі.
РАХИМ Әбдірәсіл Нығманұлы, Қаражал қаласы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары