Еліміздің экономикалық қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы ең алдымен еңбек адамдарының қажырлы еңбегіне негізделеді. «Еңбек адамын ұлықтау – ел дамуының негізі» қағидаты – Қазақстан қоғамының басты құндылықтарының бірі болып отыр.
Бүгінде мемлекет жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, кәсіби білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл бағыттағы жұмыстар еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеруге және жас ұрпақтың өндіріс саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Қарапайым еңбек иесі – елдің тірегі, мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының нақты көрсеткіші. Әрбір шебердің, ұстаның, құрылысшы мен механизатордың, кенші мен энергетиктің еңбегі – қоғам өмірінің ажырамас бөлігі.
Жұмысшы мамандықтарының жылында қолға алынған шаралар осы саланың маңызын айқындап, еңбек адамына деген құрметті күшейтті. Өндіріс орнында табанды еңбек етіп жүрген азаматтардың тәжірибесі мен еңбегі жас буынға үлгі, ал олардың жетістігі – елдің дамуының кепілі.
Еңбек адамын ұлықтау – ұлттың рухын көтеріп, елдің болашағына сенім ұялатады. Себебі елдің ең басты капиталы – адамның еңбегі, ал сол еңбекті бағалау – өркениетті қоғамның айқын белгісі.
Такибаев Арынгазы Шакирович
Қаражал қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
