Еңбек — адамның өмірлік маңызды қызметі әрі қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізі болып табылады. Қазіргі кезеңде де, тарихи тұрғыдан алғанда да, еліміздің әлеуметтік-экономикалық прогресі еңбек адамдарының қажырлы және табанды еңбегімен тығыз байланысты.
Еңбек адамы деп өндіріс пен қызметтің әртүрлі саласында еңбектенетін, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны айтамыз. Олар — ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім, медицина, транспорт және басқа да салаларда жемісті еңбек ететін қарапайым және жоғары білікті мамандар. Олардың кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына айрықша үлес қосуда.
Мемлекет еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, олардың еңбегін әділ бағалауға және қолдауға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруда. Ұлттық маңызы бар бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар арқылы еңбеккерлердің құқықтары қорғалып, материалдық-тұрмыстық жағдайлары жақсартылуда.
Сонымен бірге, жастарды еңбекке баулу, еңбек мәдениетін қалыптастыру — қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Еңбек адамының мәртебесін көтеру арқылы ғана ұлттық бірегейлікті нығайтып, болашақ ұрпақтың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік туындайды.
Еңбек адамы — елдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының негізі. Олардың кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегі ел дамуының кепілі болып табылады. Сондықтан еңбек адамдарының еңбегі әрқашан жоғары бағаланып, қолдау көрсетілуі тиіс.
Токабаева Сания – «Болашақ Қаражал» ҚБ төрағасы