«Еңбек адамы» – қоғамның маңызды бөлігі

«Еңбек адамы» – бұл жай ғана жұмысшы немесе белгілі бір іспен айналысатын адам емес, ол – қоғамның маңызды бөлігі. Ол өз еңбегімен қоғамның дамуына үлес қосады. Еңбек адамы өз ісінде шеберлік, жауапкершілік және еңбекқорлық танытады.

Біздің қоғамда еңбек адамдарының алатын орны ерекше. Олар ауыл шаруашылығынан бастап, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау сияқты түрлі салаларда еңбек етіп, елдің өркендеуіне өз үлесін қосуда. Бұл адамдар өз ісін жай ғана орындап қоймай, елдің болашағы үшін қызмет етіп, қиындықтарды жеңіп, табандылық танытуда. Оның жетістіктері тек өзіне ғана емес, тұтас қоғамға да пайдасын тигізеді. Өз өмірін еңбекке арнаған адамның еңбегі бағаланып, құрметке лайық болуы керек. Олардың жұмысқа деген сүйіспеншілігі мен құрметі барша жұртқа үлгі.

«Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Степанченко А.С.