Еңбек адамы – қоғам дамуының стратегиялық капиталы

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы мемлекеттік бастама еліміздің өндірістік әлеуетін күшейтуге және еңбек нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл шара кәсіби-техникалық білім беруді жаңғыртумен қатар, еңбек адамының беделін арттыруға, оның қоғамдағы орны мен маңызын айқындауға ерекше көңіл бөледі.

Жұмысшы мамандықтары – индустрия, құрылыс, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы сияқты негізгі салалардың ілгерілеуін қамтамасыз ететін шешуші фактор. Білікті мамандардың еңбегі экономиканың сапалы дамуына, ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей ықпал етеді.

Аталған жыл еңбек адамына деген құрметті күшейтуді, жастардың техникалық кәсіптерді игеруіне ынталандыруды және кәсіби кадрлар даярлау ісінде әлеуметтік серіктестікті кеңейтуді көздейді. Бұл – мемлекеттің стратегиялық даму бағытымен сабақтас, ұзақмерзімді нәтижеге бағытталған маңызды бастама.

 

Ким Артем Сергеевич

Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты,

Дзюдо күресінен спорт шебері