Еңбек – кез келген қоғамның іргетасы, мемлекеттің қуаты мен тұрақтылығының басты негізі. 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттырып, жұмысшы еңбегінің қадір-қасиетін кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадам.
Өндіріс пен құрылыс, ауыл шаруашылығы мен энергетика, көлік пен қызмет көрсету салаларында еңбек етіп жүрген мамандар ел дамуының қозғаушы күші болып табылады. Олардың табандылығы мен жауапкершілігі – экономиканың тұрақтылығына, өңірлердің өркендеуіне, халықтың тұрмыс сапасының артуына тікелей ықпал етеді.
Мемлекет еңбек адамына қолдау көрсетіп, техникалық және кәсіби білім беруді жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту бағытында жүйелі шаралар атқаруда. Бұл өз кезегінде жұмысшы мамандықтарына жастардың қызығушылығын арттырып, қоғамда нақты еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастырады.
Еңбек адамы – елдің тірегі, мемлекеттің болашағы. Олардың еңбегімен жаңа өндірістер іске қосылып, заманауи технологиялар енгізілуде, өңірлер дамып келеді. Сондықтан әрбір адал еңбектің артында ел дамуына қосылған зор үлес бар.
Жуманбаева Мереке Рахимбаевна
Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
