Еңбек адамдарының мәртебесін көтеру үшін жасалған маңызды қадам

2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды! Бұл – еңбектің маңыздылығын арттыру, кәсіби шеберлікті дәріптеу және еңбек адамдарының мәртебесін көтеру үшін жасалған маңызды қадам.
Шынайы шеберлік, адал еңбек және кәсіптік дағдылар – экономиканың негізі. Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, механизаторлар, инженерлер, өндіріс саласының мамандары – барлығы ел дамуына өлшеусіз үлес қосуда.
Биылғы жыл аясында жас мамандарды қолдау, кәсіптік білімді дамыту, жаңа технологияларды меңгеру және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында түрлі іс-шаралар өтеді.
Еңбек – елдің тірегі! Барша жұмысшы мамандық иелерін кәсіби жетістіктерге ұмтылып, ел дамуына үлес қосуға шақырамыз!

Жуманбаева Мереке Рахимбаевна — Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қаражал қаласы Аналар кеңесінің мүшесі.