Еңбек адамдарын қолдау — дұрыс шешім

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, биылғы жолдауында:«Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам.

Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз”- деді. Еңбек адамдарын қолдау дұрыс шешім деп ойлаймын. Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. Өз кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Жолдау еліміздің дамуына, халқымыздың жағдайын жақсартуға көп мүмкіншілік беретіні айдан анық.

Жарылғапова Жадыра

“Болашақ-Қаражал” қоғамдық бірлестігінің мүшесі