ДЕРЕК пен ДӘЙЕК

Қаражал қаласының 60 жылдығы қарсаңында әртүрлі ақпарат көздеріндегі деректерді жинақтап, екшеп беруді қолға алған едік. Бүгін сол ғаламтор беттерінде жарияланған деректер мен дәйектердің кезекті легін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Қаражал – қала (1963 жылдан), Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағының орталығы. Жаңаарқа ауданында. Атасу аңғарының сол жағында. Жезқазған қаласының шығысында 200 шақырым жерде орналасқан.

Іргесі 1939-1940 жылдарда кен рудасын игеруге байланысты қаланған. 1950 жылдан жұмысшы поселкесі. Халқы 30 мыңнан астам (2005). Экономикасының негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды: Қарағанды металлургия комбинатының шикізат базасы, Атасу рудалы ауданының кен басқармасы осында.

Қаланың салынуы мен дамуы Атасу марганец кендерінің игерілуімен тығыз байланысты. 1942 жылы Қаражалда Атасу геологиялық барлау эқспедициясы құрылды. 1956 жылы Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді.

Қаражалда кеншілер мәдениет үйі, кинотеатр, бірнеше мектеп, кәсіптік-техникалық училище, аурухана, емхана, стадион т. б. мәдени-ағарту орындары бар. Қала маңында жоғары сапалы радонды бұлақтар жиі орналасқан.

Қала 1963 жылы құрылды. Қала аумағы 12,3 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 19,0 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар.

2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 2,7 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 10,5 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,05 мың гектары егістік алқаптар.

Бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша Қаражал-Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала. Жаңаарқа ауданының аумағында, Қарағанды-Жезқазған-Қарсақпай теміржолының Атасу-Қаражал тармағындағы теміржол стансасы.

Қаражал қаласы Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде, боз жусан, сасыр аралас бетеге, қылқан боз, т.б. шөптесіндер өскен сортаңды сұр, қиыршық топырақты қуаң далада орналасқан.

Қаланы құрушы кәсіпорындар болып – «Жәйрем кен-байыту комбинаты» ААҚ және «Атасу-кен» ААҚ табылады.

Ғаламтор желісінен.