Дамуға қосқан үлес

«Казцинк» Ұлытау облысында әлеуметтік жобаларды іске асыруға миллиард теңгеге жуық қаржы бөледі.

Өңір әкімдігі мен кен металлургия компаниясы 2025 жылға ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кәсіпорын әлеуметтік бастамаларды қаржыландыруға шамамен миллиард теңге бөледі.
«Казцинк» өз бөлімшелері орналасқан елді мекендерде тұрмыс-тіршілікті жақсартуға белсенді қатысады. Ұлытау облысында өндірістік бөлімшелердің бірі – Жәйрем кен байыту комбинаты орналасқан. Меморандум аясында компания бөлетін қаражат медициналық және әлеуметтік ұйымдарды қолдауға, спорт объектілеріне, инженерлік инфрақұрылымдарға және абаттандыруға жұмсалады.
– Біз үшін өңірдің бір бөлігі ғана емес, оның әлеуметтік өміріне белсенді қатысу өте маңызды, – дейді «Казцинк» бас директоры Жанат Жанботин. — Біз қызметкерлеріміздің, кент тұрғындарының өмір сүру сапасы осыған байланысты екенін түсінеміз. Жергілікті қауымдастыққа жақсы жағдайлар жасау мен көңіл бөлу жұмыста жақсы нәтижеге ықпал етеді, ал маңызды идеяларды іске асыру – біздің Ұлытау облысының дамуына қосқан үлесіміз. Біз еліміз үшін өз үлесімізді қосуға ұмтыла отырып, осындай жобаларды қолдауды әрі қарай да жалғастырамыз.

Өз тілшімізден.