CАПАЛЫ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛАП ЕТ

Қыстың қамын жаз ойла демекші, Жеқазған қаласының тұрғыны балконның терезесін жаңа үлгідегі плстиктен жасалған терезеге айырбастамақшы болады. Ғаламтор желісі арқылы бірқатар жарнамаларды көріп, ішінде сапасы жақсы әрі қонымды бағада терезе орнатамыз деген жарнаманы көзі шалып қалады. Бірден телефонмен хабарласып, орнату күнін белгілеп ауызша мәмліге келеді.

Терезе орнатылады. Ақысын толық төлеген тұрғын, күн салқындап күздің алғашқы жаңбырлары кезінде терезе жақтаулары ылғалданып, сыз тартып тартып тұрғанын байқайды. Сөйтіп, әлгі терезе орнатқан құрылысшыларға хабарласып, кеткен олқылықты түзеп беруді өтінеді. Құрылысшылар болса телефонмен келіскенмен, іс жүзінде уақытты созып кеткен кемшілікті түзеуге асықпайды.

Амалы таусылған тұрғын Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне келіп, заң аясында қалай әрекет етуге болатындығын сұрайды. Департамент қызметкерлері заң аясында сотқа дейінгі шараларды атқарып, жазбаша наразылық жазу қажеттігін жеткізеді. Кеңес береді.

Жазбаша наразылық ұсынған тұтынушыға қызмет көрсеткен құрылысшылар бірден хабарласып, кеткен кемшіліктерін түзейді. үшін кешірім сұрап Осылайша, екі тараптың ортақ шешімге келеді.

Бұл ретте айтарымыз, қандай да бір қызмет көрсету жұмыстарымен айналыссаңыз өз міндеттеріңізді сапалы орындау қажеттігін жеткіземіз.

Сонымен қатар, тұтынушы ретінде құқығыңыз тапталса, Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері заң аясында көмек беруге әрдайым дайын екендіктерін естеріңізге салады.