БОРСЕҢГІР АУЫЛЫНДА МАЛ ҚОРЫМЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Борсеңгір ауылында ветеринариялық-санитариялық талаптарға толықтай сәйкес келетін жаңа мал қорымы іске қосылды. Бұл нысан ауыл тұрғындарының және жалпы өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мал қорымы мал өлекселерін залалсыздандыру мен көму жұмыстарының санитариялық талаптарға сай жүргізілуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қорым адам денсаулығына зиян келтірмеуді және қоршаған ортаны қорғауды көздейтін заманауи талаптармен жабдықталған.

Жоба ауыл тұрғындарының ұсынысы негізінде аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп жүзеге асырылды. Ауыл тұрғындары бұл бастаманы оң қабылдап, оның ауылдағы эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.