Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы заманында ұлттық бірегейлігімізді сақтау маңызды екенін атап өтті. Осындай кезеңде әр халық үшін өзінің тарихи жадысын, рухани құндылықтарын және мәдени мұрасын сақтау айрықша мәнге ие. Президент ұсынған «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясы – дәл осы қажеттіліктен туындаған, болашаққа бағытталған стратегиялық қадам.
Мұндай бастама арқылы халқымыздың төл тарихы, мәдени мұрасы, ғылыми еңбектері мен өнер туындылары заманауи форматта жүйеленіп, кең аудиторияға қолжетімді болады. Бұл жоба ұлттық жадыны сақтаумен қатар, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, отандық ғылым мен білімнің дамуына серпін береді. Сонымен бірге, мұрағаттар мен мұражай қорларын цифрландыру зерттеушілерге, ғалымдарға және қоғамның кең бөліміне жаңа мүмкіндіктер ашады. Ең бастысы, бұл бастама Қазақстанның идеологиялық дербестігін нығайтып, ұлттық болмысын жаһандық цифрлық өркениетте лайықты деңгейде танытуға жол ашады.
Гүлнар САГИНТАЕВА,
Қаражал қаласы Мансап орталығының директоры.
