Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылдың 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталғаны қуантады. Басты назар елдегі тұрақты экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттер дәйекті түрде шешіледі деп сенеміз.
Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі- берілген тапсырмалардың нақты мерзімге қойылуында. Олар бір жағынан қысқа, екінші жағынан орташа қысқа мерзімнің айқындалуымен айшықталған. Жыл сайынғы Жолдаулардың басты проблемасы – олар үнемі бірінің үстіне бірі қабаттасып отыратын, кейбір жаңа мақсаттар мен міндеттер басқа Жолдаулардың алдыңғы мақсаттары мен міндеттеріне үстемеленіп, ал алдыңғы тапсырмалар орындалу барысы туралы есеп берілмейтін. Бұл Жолдау ондай емес. Яғни, ұмытылған миссияға жол берілмейтіндігін көрсетті. Сонымен қатар бұл Жолдау атқарылған іс-шараларға бұқара халық алдында берілген есеп ретінде де ерекшеленді.
Атап айтатын болсақ, Жолдауда жүктелген тапсырмалар бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отыр. Сонымен қатар мемлекеттің дамуына, ха-
лықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы
өмір сүруіне, еліміздің болашағын баянды етуге ықпал ететін қадамдар. Әсіресе, тарихи-мәдени мұраны қорғау және зерттеу, туризм объектілеріне орасан зор көңіл бөлу сынды тапсырмалары ел мәдениетіне жасалған қамқорлық деп білемін.
«Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді» — деп ішкі туризмге аса қатты мән беру керектігі айтылды.
Сонымен қатар ел болашағы – білімді ұрпақ қолында екенін ескеріп, білім саласындағы реформалардың маңызын атап өтті. Ел Президенті өз сөзінде: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет» деді.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп ұлы ғалым Әл-Фараби айтқандай, біліммен қоса тәрбиенің де маңызы зор. Қазіргі мектепте тек білім беру ісімен емес, жастардың тәлім-тәртібіне аса көңіл бөлу керектігін де қосып өтті. Жолдауда «білім беру мекемелеріндегі психологиялық
қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек» – делінген. Расымен де, бұл мәселе – жастар арасындағы ең өршіп тұрған мәселелердің бірі.
Кез келген елдің болашақтағы даму бағыты бүгінгі міндеттермен айқындалары сөзсіз. Сондықтан бүгінде біздің мемлекет пен қоғам алдындағы міндетіміз белгілі, мақсатымыз – айқын.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар молынан қарастырылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты, жастарды жұмыспен қамту –Үкімет үшін аса маңызды міндет екенін айтты. Әділетті Қазақстан құруға жасалған Президентіміз бастаған әр қадамды барлық қазақстандық қолдауға тиіс деп ойлаймын.
Алтынай БІРМҰХАНОВА,
Ұлытау облысы қоғамдық даму
басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ
директорының м.а.