Биыл – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Биыл – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл – тарихымыздағы ең қасиетті, ең тағдырлы күндердің бірі. Осы жеңістің артында қан майданда ерлік көрсеткен мыңдаған батырлардың есімі жатыр. Солардың бірі – Қанат Бұтабаев.

Қанат Бұтабаев – жауынгерлік жолы ел есінде сақталған, Отан үшін от кешкен қаһарман. Жастайынан майданға аттанып, ерлікпен шайқасқан ол, тек туған жерінің ғана емес, бүкіл елдің абыройын қорғады.

Жеңісті жақындатуға қосқан өлшеусіз үлесі, ержүректігі мен төзімі – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен үлгі, мәңгілік өнеге.

Оспанова Замзагуль Кажмукановна — Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы, қалалық Аналар кеңесінің төрағасы.