Бітімгершілік келісім дегеніміз не?

Бітімгершілік келісім – төлеу мерзімін ұзарту, бөліп төлеу, борышкер мен несиегер арасында жеңілдік туралы жасасылған шарт нысанындағы сотқа дейінгі келісім немесе талаптарды заңдарға қайшы келмейтін өзге тәсілмен қанағаттандыру.

Біздің мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасап, дауларды шешудің баламалы әдістерін заң жүзінде бекітті, олардың бірі — медиация болып табылады.
Медиация — тараптардың ерiктi келiсiмiмен жүзеге асырылатын өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзу мақсатында медиатордың көмегiмен тараптар арасындағы дауды (жанжалды) шешу тәртiбi. Медиатор — делдал.
Соттарда медиация рәсімі іс жүргізу әрекеттерінің алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес талап қоюды қабылдау үшін негіздер болған кезде судья медиация рәсімін 10 жұмыс күні өткенге дейін, ал сотқа дейінгі хаттама жасалған жағдайда – 15 жұмыс күніне дейін жүргізеді. Келiсу рәсiмiне қатысуға келiскен және шақыруға келген тараптар келiсу рәсiмiнiң түрiн дербес таңдауға және бұл туралы өтiнiште көрсетуге тиiс.
Талап қоюды алғаннан кейiн судья азаматтық iстi қозғау, iстi сот талқылауына дайындау, тараптың өтiнiшi болған кезде қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы қаулы шығарады, сондай-ақ, келiсу рәсiмiн жүргiзедi.
Медиация шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындауға, материалдық залалды және моральдық залалды өтеуге, шығынға, еңбекке, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, тұрғын үйге және т.б. байланысты даулар шешілуі мүмкін.
Медиация туралы келісімдер жасасу кезінде келісуші судьялар тараптарға мәлімделген талаптар шегінен шығу құқығын, жауапкердің қарсы шарттарды көрсету мүмкіндігін түсіндіреді, соның салдарынан өзара тиімді шарттарда келісімдер жасалады.
Медиацияны енгізудің арқасында соттарда жұмыс жүктемесі айтарлықтай төмендеді, талапкерлер төлейтін мемлекеттік баж қайтарылды, бұл азаматтар мен заңды тұлғаларды дауларды берекелі реттеуге ынталандырады, даулар жедел шешіледі, бұл туралы тараптар медиацияның негізгі артықшылығы ретінде атап өтеді.
Гүлжазира ТУЛЕУОВА,
Қаражал қалалық сотының
бас маман-сот отырысының
хатшысы.