Білікті маман – берекелі қоғам

Бүгінгі қоғамда елдің даму деңгейі ең алдымен кәсіби мамандардың еңбегімен өлшенеді. Қандай сала болмасын, оны алға жетелейтін күш – өз ісін жетік меңгерген, тәжірибелі жұмысшы.

2025 жылға белгіленген Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамының қоғамдағы орнын айқындап, мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама аясында жастарды өндірістік кәсіпке тарту, білім беру жүйесін заман талабына сай бейімдеу, білікті кадрлар даярлау ісіне ерекше назар аударылады.

Білікті маман – тек кәсібін жақсы меңгерген адам емес, ол – елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосатын азамат. Еңбек адамына деген құрмет – қоғамдағы береке мен бірліктің кепілі.

Осыған орай, еңбекке адалдықты дәріптеп, кәсібін қадірлеген мамандарды қолдау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Өйткені білікті маман – берекелі қоғамның негізі.

Сагинтаева Гульнар Сапаровна

Қаражал қаласының Мансап орталығының директоры