Бекмағанбетовтер әулеті – биік белесте

«Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұрады», – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Сәрсенбінің сәтінде өңірімізге сүйіншілеген хабар келіп жетті. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының бірлескен жобасы – «Еңбек жолы» Республикалық конкурсында жерлесіміз Бекмағанбетовтар әулеті биік белестен көрінді.

Қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп «Еңбек жолы» Республикалық конкурсын өткізген еді. Аталмыш конкурсқа Ұлытау облысының намысын қорғап Қаражалдық Бекмағанбетовтер әулеті қатысты

Нәтижесінде жерлестеріміз «Ең үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша бақ сынасқан 163 әулеттер арасынан суырылып шығып III орын иеленді.

Орайы келгенде айта кетейік, қалақұраушы кәсіпорын – «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігінде Бекмағанбетовтер әулетінің 3 буын ұрпағы жұмыс істеген. Қазіргі уақытта әулеттің 14 адамы аталмыш өндіріс орнында тер төгіп жүр. Әулеттің жалпы жұмыс өтілі – 281жыл.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ