Бейбітшілік пен бірлікті нығайтамыз.

2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтеді. Бұл – халқымыздың асқақ ерлігі мен ұлы құрбандарын ұмытпауға, бейбіт өмірдің бағасын түсінуге арналған тағылымды кезең. Әрбір ауыл мен қалада, әр отбасы мен жүректе сол алыстағы жылдардың зардабы мен жеңіс рухы жаңғырып, келер ұрпаққа патриоттық сананы ұялатады. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ардагерлерді ардақтау – біздің борышымыз. Соғыс дәуірінің қаһармандығын дәріптеу арқылы болашақта бейбітшілік пен бірлікті нығайтамыз.

Сатанов Жанат Рахымжанович 

Қаражал қаласы мәслихаты аппаратының басшысы