Батыр бабаларымыздың мәңгілік ерлігіне тағзым ететін ерекше жыл

Биыл — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл — тарихтың ұмытылмас беттері мен батыр бабаларымыздың мәңгілік ерлігіне тағзым ететін ерекше жыл.

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы — адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қайғылы кезеңдердің бірі. Сол жылдары Кеңес халқы жауға қарсы бірігіп, Отан үшін жан аямай шайқасты. Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам азамат майданға аттанып, олардың жартысына жуығы оралмады. Бұл — әр отбасының жүрегінде қалған жазылмас жара, бұл — тарихтағы ұлы ерлік.

Бүгін біз бейбіт өмір кешіп жатсақ, ол — сол батырлардың арқасы. Олардың ерлігі мен отаншылдығы, қайсарлығы мен табандылығы — өшпес өнеге. Олар тек майданда ғана емес, тылда да жан аямай еңбек еткендердің арқасында Жеңіс келді.

Біздің парызымыз — ерлікті ұмытпау, тарихты қастерлеу, ардагерлерге құрмет көрсету.

Рахим Абдрасил Нығманұлы — Қаражал қаласы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары