Батыр бабаларға тағзым етудің күні

Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. 1945 жылдың 9 мамыры — тарихта алтын әріптермен жазылған, батырлық пен ерліктің, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктің мәңгілік символына айналған күн.

Бұл күн — біз үшін тек мереке емес, ұрпақтар сабақтастығының, бейбіт өмірдің бағасын түсіну мен батыр бабаларға тағзым етудің күні.

Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір жауынгердің алдында бас иеміз. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Бейбіт аспан, азат ел, жарқын болашақ үшін рақмет, батырлар

Қаражал қ. ардагерлер кеңесінің төрайымы М.Жуманбаева