Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында бір палаталы Парламент құру туралы бастамасы еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болып отыр. Президент атап өткендей, бұл мәселе асығыстықсыз, терең талқылауды қажет етеді. Сондықтан азаматтық сектордың, сарапшылар қауымының және қазіргі Парламенттің қатысуымен жан-жақты пікір алмасу жүргізу – уақыт талабы.
Бұл бастаманың негізгі мәні – халықтың еркіне сүйену. 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізу арқылы Конституцияға өзгеріс енгізу – демократиялық қағидаттарға толық сай келеді. Сондай-ақ, жаңа үлгідегі Парламентті тек партиялық тізім бойынша сайлау ұсынысы саяси партиялардың жауапкершілігін арттырып, саяси бәсекелестікті күшейтеді.
Президенттің бұл бастамасы еліміздегі заң шығару жүйесін оңтайландыруға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және халықтың саяси белсенділігін арттыруға ықпал ететіні анық. Сондықтан осы реформаға қатысты ашық қоғамдық талқылау жүргізу – мемлекетіміздің демократиялық дамуы үшін аса маңызды.
Иманбекова Акмарал Елибаевна
«AMANAT» партиясының «Мәдениет»
БПҰ төрағасы