Бүкілхалықтық референдумда Конституцияның 33 бабына, яғни, үштен бір бөлігіне енгізілетін өзгерістер енгізу көзделген. Жаңа Конституция жобасының негізінде адам жəне азаматтардың бостандықтары мен құқықтарының үстемдігі, берік конституциялық мемлекет құру, халық үнін естуші мемлекет тұжырымдамалары қарастырылған.
Əр адам өзінің құқықтарынан, өз елінің Конституциясынан барынша хабардар болады. Ал, бұл – құқықтық мемлекет құрудың басты қағидаты. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – халық қалауының айқын көрінісі. Референдум əрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Демек, бұл – аса маңызды қадам.
Саяси науқан қарсаңындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін Қарағанды облыстық штабының мүшесі ретінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде əлеуметтік желі арқылы тұрақты түрде ақпарат ұсынып тұратын боламын.
Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!
Дарын ƏБІЛЖАНОВ,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.