24 маусымда Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы алғашқы құрылысшылар алаңында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңі өтеді.
Ірі компаниялар мен орта және шағын бизнес субъектілері қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
Жалпы үш номинация бар:
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»,
«Халық үшін үздік тауарлар»,
«Үздік азық-түлік тауарлары».
Әрқайсысында үш жеңімпаз анықталады. Олар Астанада өтетін республикалық көрме-конкурсқа жолдама алатын болады.
Өңірлік конкурсқа өтінімдер 20 маусымға дейін қабылданады. Оларды электронды түрде-сайтта беруге болады www.altynsapa.kz немесе қағаз түрінде – Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасына пошта арқылы жіберуге немесе қатысушы өзі жеткізуіне болады.
Мекен-жайы: Есенберлин көшесі, 51.
Анықтамалық ақпаратты 8777-477-88-14, 8777-575-04-02 телефондары арқылы алуға болады.