ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері заңнамаға сәйкес өңірлерден алынған мәліметтерге негізделгенін атап өтті. Референдумның түпкілікті нәтижелері аумақтық комиссиялардың барлық хаттамалары жиналып, тексерілгеннен кейін жарияланатын болады.
Референдумда дауыс беру процесі ашық және әділ өтті деп хабарланды. Халықаралық бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру барысында ешқандай айтарлықтай заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Дауыс берудің алдын ала нәтижелері бойынша халықтың көпшілігі референдумға шығарылған мәселені қолдады, бұл Қазақстанның саяси және әлеуметтік өміріндегі маңызды қадам деп бағаланды.
Алынған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында барлық дауыс берушілер саны 12 миллион 284 мың 487 адам. Оның ішінде дауыс бергендері — 7 миллион 820 мың 204 немесе 63,66% құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.
Раушан Капарова