Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл бастама елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге, еңбекқор азаматтардың еңбегін лайықты бағалауға және кадр тапшылығын жоюға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға негіз болады. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты негізінде еңбек адамының мәртебесі көтеріліп, экономикамыз жаңа белестерге жетеді.
Президенттің айтқаны бойынша, еңбек пен кәсібилік елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының кепілі. Жұмысшы мамандықтары жылы арқылы әрбір азамат өз еңбегін лайықты бағалап, мемлекет алдында абыройлы бола түседі. Бұл бастама жаңа ұрпақты еңбекке, білімге және инновацияларға баули отырып, елдің болашағын жарқын етеді.
Қазақстанның әрбір азаматының еңбегі – елдің дамуына қосылатын маңызды үлес. Жұмысшы мамандықтары жылы – бұл тек календарлық бір жыл емес, ол ұлттық мәдениет пен экономиканың дамуына жаңа серпіліс әкелетін үлкен бастама. Барлық қауымдастықтың ынтымақтастығы мен жауапкершілігі арқасында Қазақстан еңбекқорлық пен кәсібилік жолында биік белестерге жетеді.
Қаражал қалалық мәслихатының аппарат басшысы Сатанов Жанат Рахымжанұлы.