Қазақстандағы заң және тәртіп: құқықтық жүйенің жұмыс істеуі

Қазақстан мемлекеті әр азаматтың құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, құқықтық жүйедегі тепе-теңдікті сақтау үшін жұмыс істейді.
Полиция қылмыстарды анықтап, күдіктілерді тауып, дәлелдерді жинайды.
Прокуратура заңдылықты сақтауды қадағалап, құқық қорғау органдарының жұмысын бағалайды және сотта айыптаушы тарап ретінде сөз сөйлейді.
Соттар екі тараптың – қорғаушы мен айыптаушының дәлелдерін әділ әрі объективті түрде қарап, бейтарап шешім шығарады.
Егер даулы жағдайлар туындаса, азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін Конституциялық сотқа жүгіне алады. Заң және тәртіп – қоғамымыздың негізі, әрқайсымыз әділ сот төрелігіне сенімді бола аламыз.
Жетимекова Манара Ерболатовна, «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы