Қазақстанда Атом электр станциясын (АЭС) салуды қолдаймын!

АЭС – болашақтың қауіпсіз әрі экологиялық таза энергия көзі. Біздің еліміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін энергияны үнемді әрі сенімді жолмен алу маңызды. Атом электр станциясы – табиғи ресурстарымызды сақтап, экологияны қорғауға бағытталған қадам.

Энергия тапшылығы көптеген елдерде өзекті мәселеге айналып отыр. Ал АЭС – бұл тапшылықты шешудің тиімді жолдарының бірі. Ол ауаға зиянды қалдықтарды шығармайды және көптеген жылдар бойы тұрақты қуат көзі болады.
Артықшылықтары:
— Экологиялық таза
— Тұрақты энергия көзі
— Экономикалық тиімділік

Әрбіріміз ел болашағына үлес қосып, жауапкершілікпен қарауымыз керек. АЭС – біздің ұрпақ болашағына қолдау көзі.

Ахметова Жумакуль Жандаулетовна,

№1 ЖББМ директоры