✔️Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті.
✔️Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.
✔️Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
✔️Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.
t.me/aqorda_resmi