Ағымдағы жылдың шілде айында Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне қаламыздың жер үйлерінің бірінде тұратын зейнеткер келіп шағымданады.
Зейнеткер тірнектеп жинаған ақшасы желге ұшқандай болғандығын жеткізді. Оқиға 2023 жылдың жазынан бастау алған.
Көктем айларында есік алдың лай басып, жүруге ыңғайсыздық туғызғандықтан ол жаяу жүргінші плиткаларын төсеуді жоспарлайды. Интернет арқылы жарнамаларды ақтара отырып, аталған жұмысты сапалы әрі қолжетімді бағада орындап беремін деген жігітпен келіседі. Сөйтіп, белгіленген уақытта әлгі жұмысты орындаушымен кездесіп, жұмыс ауқымын көрсетеді. 65 шаршы метр аумаққа жаяу жүргінші плиткаларын төсеуга уағдаласады. Осы тұста ол материалды өзінің таныс адамынан алуға кеңес береді. Сапасына толық жауап беретіндігіне зейнеткерді көндіреді. Жұмыс басталып, уақытында сәтті аяқталады. Еш алаңсыз зейнеткер келісілген 900 000 тенге шаамсындағы сомманы материалға және жұмысына санап береді.
Алайда, 2024 жылдың көктемі шыға әлгі плитка төсенішінің басым бөлігі өзінен-өзі көтеріліп, қирай бастайды. Бұл жағдай зейнеткердің жүрегіне инедей қадалды. Бірден жұмысты орындаушыларға хабарласып, көмек беруді өтінеді. Олар болса телефонмен әне-міне келеміз, қараймыз деп уақыт созып жүре береді. Біраз уақыт өткен соң, келіп қарайды. Оның өзінде зейнеткердің өзін кінәлап, плиткаларды ломмен ұрып қиратқанын жеткізеді. Сөйтіп, жұмысты түзетуден бас тартады.
Амалы таусылған зейнеткер Департаментке келіп, сотқа дейінгі шараларды қалай жүргізу бойынша кеңес алады. Алайда, тұтынушы қызмет ұсынушылармен бір келісімге келе алмағандықтан сотқа шағымданады.
Істің ақ-қарасын түсіну мақсатында сот тұтынушы, кызмет көрсетуші және іске үшінші тұлға ретінде қатысқан Депртамент қызметкерін құрылыс жүрген жерге, яғни зейнеткердің үйіне барып мән-жайды анықтау мақсатында жібереді.
Департамент қызметкері расымен де материалдың сапасыздығына көз жекізеді. Материал иесі болса зейнеткерге 15 шарша метр бұзылған плиткалардың орнына жаңасына ауыстырып беруге келіседі.
Осылайша тұтынушы мен қызмет көрсетуші ортақ мәмлеге келеді. Бұл ретте айтарымыз, қандай да бір қызмет көрсету жұмыстарымен айналыссаңыз сапаға аса мән беру қажеттігін жеткіземіз.
Сонымен қатар, тұтынушы ретінде құқығыңыз тапталса, Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері заң аясында көмек беруге әрдайым дайын екендіктерін естеріңізге салады