Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіреміз.

Қымбатты жерлестер!

Осы мереке күні денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне халық денсаулығын сақтау жолындағы қайсар еңбектері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, қызметтеріңізге күш-жігер мен төзімділік тілейміз.

Ақжол ҚҰРМАНСЕЙІТ,
Қаражал қаласы әкімінің м.а.                              

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихаттың төрағасы.