Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дəрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді жəне сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кəсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының əкімі.

 Зəмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мəслихат хатшысы.