Қаражалдың келешегі – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің жаңа даму бағытының маңызды тұтқасы.

Бұл Жолдаудың аясында Қаражал қаласы да өз үлесін қосып, заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуде. Жолдауда көрсетілгендей, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу – еліміздің экономикалық өсімі мен тұрақты дамуының басты тірегі.

Қаражал қаласында осы бастамалар нақты іс-қимылға айналуда. Өндіріс процестерін автоматтандыру және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар ел игілігіне бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Осындай технологиялық жаңашылдықтар қаламыздың дамуын жаңа деңгейге көтеріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қала экономикасының әртараптануы мен индустрияның жаңғыруы – Қаражалдың бүгінгі және ертеңгі күнінің басты міндеттері. Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа өндіріс орындарының ашылуы, ауыл шаруашылығын дамытудағы тың жобалар қаламызға тың серпін беруде. Бұл бағыттағы жұмыстар қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда Қаражалда жаңа жұмыс орындары көбейіп, инвестициялар тартылуда. Бұл – тек бастамасы. Әр жобаның сәтті жүзеге асуы үшін цифрлық технологияларды кеңінен қолдану қажеттігі артып келеді.

Сонымен қатар, экологияны сақтау – болашақ ұрпақ үшін ерекше маңызды бағыттар. Қаражал қаласының әкімдігі мен жергілікті билік органдары тұрғындармен ашық байланыста болып, олардың пікірін ескеріп, жер ресурстарын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жүйелі түрде күш салуда.

Инновациялар мен ғылыми жетістіктерді қала өмірінің барлық саласына енгізу – тұрақты даму мен өркендеудің кепілі.

Қаражал – тек өндіріс орны ғана емес, мәдениет пен білім, ғылым мен технологияның үздік дамып келе жатқан орталығы. Болашаққа сеніммен қарап, жаңа мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану арқылы қаламыз Қазақстанның дамыған, цифрландырылған аймақтарының біріне айналмақ.

Аманқазы НАУКЕНОВ,
Қаражал қаласы әкімінің орынбасары