ҚАРАЖАЛДЫҢ ДАМУЫНДА ҚАРҚЫН БАР

Биыл Қаражал қаласында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып, «Горняк» стадионы ашылады. Бұл жайында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Қаражал қаласының әкімі Айхын Елеусізов даму бағдарламасы аясында биыл атқарылатын жұмыстарға кеңірек тоқталды.

Атап айтар болсақ:
• Қалаішілік 10 көшенің жолы орташа жөндеуден өтеді;
• Қаражал-Қылыш жолының 13 шақырымы орташа жөндеуден өтеді;
• Жұқпалы аурулар ауруханасының күрделі жөндеу жұмысы аяқталады;
• Қала бойынша 50 бейнебақылау камерасы орнатылады;
• «Қазцинк» ЖШС есебінен Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде өрт сөндіру бекеттерін салу жобасы жүзеге асырылады;
• Жәйремде «Кентті алғаш ашқандар» саябағы абаттандырылады;
• Жәйрем кентінде 125 орындық жекеменшік балабақша ашылады;
• Тәуелсіздік көшесіндегі саябақ абаттандырылады;
• 36 пәтерлі 4 қабатты үйдің қайта жаңарту жұмыстары аяқталады;
• Қаражалдағы кәріз желілерін жаңарту жұмыстарының ІІ кезеңі аяқталады;
• Жәйрем кентінің кәріз желілері жаңартылады;
• Әкімшілік ғимараттың құрылысы аяқталады.

Жиын соңында облыс әкімі Қаражалдағы жабық бассейннің құрылысын биылдан қалдырмай аяқтауды қатаң тапсырды.