Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау мақсатында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы көлемі 17 220 гектар жерді қамтитын шаралар жоспарланған.
Қаражал қаласының аумағында 2 320 гектар жер химиялық жолмен өңделмек. Оның ішінде 1 000 гектарға жуық аумақ арнайы жеңіл әуе техникасы арқылы дәріленуде. Қалған бөлігі жерүсті техникаларының көмегімен өңделетін болады.
Мамандардың мәліметінше, зиянкестерге қарсы шаралар кезең-кезеңімен жүргізіліп, барлық жоспарланған аумақ толық қамтылады. Бұл жұмыстар жергілікті шаруалардың өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, егін шығымдылығын арттыруға септігін тигізбек.