Қаражал қаласындағы референдум учаскелерінде күндізгі уақытта дауыс берушілердің белсенділігі арта түсті.
Таңғы уақыттан бастап қазіргі уақытқа дейін өз таңдауларын жасауға келген тұрғындар саны артуда. Қала тұрғындары маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсене қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Учаскелерде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар жұмыс істеуде. Тұрғындар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.


