Қаражал – Атасу бағытындағы 0–28 км жол учаскесі уақытша пайдалануға берілді

Қала әкімі Айқын Елеусізовтің бастамасымен Қаражал қаласының ақсақалдары және мердігер ұйым «Арқа Құрылыс-2009» ЖШС басшылығымен бірлесіп Қаражал – Атасу бағытындағы 0–28 км жол учаскесін уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Ақтай шағын ауданындағы көпір арқылы өтетін жол ашылып, трассаны қайта жаңғырту жобасының маңызды кезеңі аяқталды. Бұл қадам көлік қатынасын ұйымдастыруда жаңа мүмкіндіктер ашып, жол қатынасының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Уақытша пайдалануға берілген учаске елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз қозғалыс мүмкіндігін ұсынады. Жолды толық реконструкциялау жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жалғасады.